25.12.2025, 12:32
Оқиғалар
Шұғыл: Астанада екі жігіт жалдамалы пәтерде 16 жастағы қызды зорлап, артынша өлтірген
Оқиға бір ай бұрын болған
Фото: freepik.com
Астана қаласында кәмелетке толмаған студент қызды зорлап, артынша оны өлтірген екі жас жігіт қамауға алынды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 2025 жылғы 18 қарашада болған.
«Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 16 жастағы студент қыз көз жұмған. Адам өлтіру және зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында қылмыс жасады деген күдікпен екі жас жігіт ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Күдіктілер қамауға алынды», - деп жауап берді ПД редакцияның ресми сауалына.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмеген.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты