$ 503.89  587.54  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде оқушы анасын өлтірді

Қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде оқушы анасын өлтірді
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы анасын пышақтап өлтіріп, әжесін өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке аса ауыр қылмыс қаладағы пәтерлердің бірінде жасалғанын хабарлады.

«Шақыртуға келген полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйелдің денесін тапты. Сонымен қатар сол пәтерде пышақ жарақатын алған егде жастағы әйел медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады полиция.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады.

Еске сала кетейік, Алматы облысының  Тұздыбастау ауылында мас ер адам 15 жастағы туған қызын өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Бейресми дерек бойынша қайғылы оқиға болған күні қыз әкесіне ескерту жасаған кезде ол ашуланып кетіп, пышақ ала жүгірген.

Серіктес жаңалықтары