Жұмыс істей алатындарды мемлекет қамқорлығында ұстамайды – Бектенов
Бұл туралы ол Сенат депутатының сұрағына жауап бере отырып хабарлады
Бүгін Сенатқа республикалық бюджетті таныстыра келген премьер-министр бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы айта келе базалық шығындар 15%-дан 12%-ға дейін қысқарғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Премьер-министр «жұмыс істей алатын, өзін-өзі қамтамасыз ете алатындарды мемлекет қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да» деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, әлеуметтік салада бюджетке елеулі жүктеме сақталып отыр. Премьер-министрдің айтуынша, әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шаралары жалпы мемлекеттік бюджеттің 60% алып отыр.
«Республикалық бюджетте ұзақ уақыт бойы бұл шығындар 40% астам болып келді. Үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде біз аталған көрсеткішті 38% дейін төмендете алдық, әлі де болса төмендетуге болады. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз. Түрлі объективті факторларға байланысты жұмыс істеуге және өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ азаматтар ғана мемлекеттен әлеуметтік қолдау алады. Ал, жұмыс істей алатын адам жұмыс істеуі қажет. Мемлекет оларды қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да», - деді Бектенов.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Қарағанды облысы мен Шымкент қалаларында мемлекеттен көмек алғысы келген 650 отбасының әл-ауқатты екені анықталған.