$ 521.01  603.43  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ең төменгі жалақы көбейетін болды: Жұманғарин мерзімін атады

Келесі жылдан бастап халықтың нақты табысы жыл сайын кемі 3% өседі деген жоспар бар

Қазақстанда ең төменгі жалақы көбейетін болды: Жұманғарин мерзімін атады
Фото: freepik.com

Қазақстан Үкіметі 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін қарайды. Бұл туралы премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет отырысында Жұманғарин Макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған бағдарлама туралы баяндады. Құжатта алдағы жылдары халықтың табысын көтеру жолдары да қарастырылған.

«Әлеуметтік қолдаудың атаулылық бағытын арттыру жөнінде шаралар қабылданады. Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейту жоспарланып отыр. 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады», - деді Жұманғарин.

Сонымен қатар Үкімет халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады.  

Бұған қоса экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге ерекше назар аударылады.

Серіктес жаңалықтары