$ 521.01  603.43  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны әлі де өсуі мүмкін – министрлік болжамы

Биыл маусымдық ЖРВИ мен тұмау былтырғыдан ерте басталған

Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны әлі де өсуі мүмкін – министрлік болжамы
Фото: istockphoto.com

Қазақстан аумағында тұмаудың бұрын айналымда болмаған жаңа түрлері анықталған жоқ. Қазір ел ішінде риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус сияқты вирустар бар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, алдыңғы жылдары тұмау циркуляциясы 48-51-ші апталарда байқалған. Ал биыл ерте анықталып отыр.

«Осы жылы 41 аптада басталды, яғни қазан айының бірінші жартысына сәйкес келуде. Болжам бойынша өсім желтоқсан айының ортасына дейін сақталуы мүмкін. Қазақстан аумағында бұрын айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ. Вирустық инфекциялар мен тұмау белгілері бар пациенттер тұмаусыз вирустарға да тексеріліп жатыр. Ел ішінде, сонымен қатар, риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус сияқты вирустар бар», - деді Әлназарова Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ЖРВИ-дің 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған. Жалпы соңғы аптада республикада 6 мыңнан астам оқушы ЖРВИ жұқтырған.

Республика бойынша 2,1 млн адам тұмауға қарсы егілген, вакцина ағымдағы эпидемиологиялық маусымда өзекті штаммдардан, оның ішінде А тұмауының  (H3N2) штаммдарынан қорғайды.

Серіктес жаңалықтары