$ 504.6  594.27  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құны – 14 млрд теңге: Астанада геологиялық зерттеулер үшін зертхана кешені салынады

Төрт гектар жер телімі бөлініп қойған

Құны – 14 млрд теңге: Астанада геологиялық зерттеулер үшін зертхана кешені салынады
Фото: freepik.com

Астанада геологиялық зерттеулер жүргізуге арналған заманауи зертхана кешені салынады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Геологиялық талдау сапасын арттыру мақсатында «Ұлттық геологиялық қызмет» базасында жаңа заманауи зертхана кешін құрылып, ғылыми-технологиялық орталық ретінде қызмет атқарады. Жобада зертханадан бөлек қор сақтау және керноқойма ғимараттары да қарастырылған. Бұл елімізде бірыңғай геологиялық деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Шархан Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарына Астанадан 4 гектар жер учаскесі бөлінген. Жоба құны – он  төрт миллиард теңге.

Зертхана кешенін 2028 жылғы желтоқсанда іске қосу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары