$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы Ұлттық спорт университеті желтоқсан айында ашылады

Құрылыс аяқталып қалды дейді министр

Астанадағы Ұлттық спорт университеті желтоқсан айында ашылады
Фото: istockphoto.com

Астанадағы Ұлттық спорт университетін 2025 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Елордада Ұлттық спорт университетінің құрылысы аяқталуға жақын. Университет тек оқу орны ғана емес, сонымен бірге көпсалалы спорт және ғылыми орталық болады. Бұл еліміздің спорт индустриясының дамуына және өңірлік әрі халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді. Нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың желтоқсанында жоспарланған», - деді ол Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында халықаралық деңгейдегі Ескек есу арнасының құрылысы аяқталған. Нысан есу және академиялық есу спорттарын, сондай-ақ туризмді дамытуға мүмкіндік береді, деп атап өтті Мырзабосынов.

Министрдің айтуынша, биылғы 9 айда елімізде 35 спорт нысаны салынған. Жыл соңына дейін тағы 67 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары