$ 538.56  625.65  6.62
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда былтырдан бері 30 миллионнан аса күмәнді қоңырау бұғатталған

Елімізде байланыс операторларына жаңа талаптар енді

Қазақстанда былтырдан бері 30 миллионнан аса күмәнді қоңырау бұғатталған
Фото: istockphoto.com

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев алаяқтармен күрес қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік алаяқтыққа қарсы күресті күшейту үшін байланыс операторларына жаңа талаптар енгізген.

«Дәлірек айтсам, абоненттерді анықтау үшін биометриялық сәйкестендіру жүйесі еніп жатыр. Фрод немесе алаяқтық рұқсат етілмеген байланыс трафигіне теңестірілді. Байланыс операторларының және Ұлттық банктің антифрод жүйелері арасындағы өзара әрекет ету тәртібі бекітілді. GSM-шлюздерді яғни симбокстарды елге әкелу және тіркеу ережелері қабылданды. Бір абоненттің атына тіркелетін телефон нөмірлерінің саны шектелді», - деді Мәдиев Үкімет отырысында.

Айтуынша, қабылданған шаралардың арқасында 2024 жылдың басынан бері 30 миллионнан астам күмәнді қоңырау бұғатталған.

Серіктес жаңалықтары