$ 538.56  625.65  6.62
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанға тағы 2 спутниктік интернет операторы кіреді

Қазір нарықта осындай үш оператор бар

Қазақстанға тағы 2 спутниктік интернет операторы кіреді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

2027 жылға дейін Қазақстан нарығына тағы екі спутниктік интернет операторы келеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, қазір ел нарығында 3 спутниктік интернет операторы жұмыс істейді. Олар: Қазсат, Starlink және One Web.

«2027 жылға дейін нарыққа тағы 2 компания келеді деп күтілуде, олардың пилоттық сынақтары 2026 жылы өтеді», - деді Мәдиев Үкімет отырысында.

Сонымен қатар 2025-2026 жылдары ел аумағында Direct to cell (D2C) қызметін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жоба ел аумағын ұялы байланыспен толықтай қамтиды.

«Бірінші кезеңде, 2026 жылы SMS-хабарламалар қолжетімді болады. Одан кейін 2027 жылы дауыс байланысы мен деректерді беру қызметтерін көрсету жоспарланып отыр», - дейді ол.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан спутниктік байланыс бойынша цифрлық хабқа айналады, деп атап өтті министр.

Серіктес жаңалықтары