$ 538.56  625.65  6.62
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министр Қазақстандағы 504 ауылдың халқынан сүйінші сұрады

Бұл ауылдарда әлі күнге интернет жоқ

Министр Қазақстандағы 504 ауылдың халқынан сүйінші сұрады
Фото: istockphoto.com

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев шалғайда орналасқан халқы аз ауылдар интернет қалай тартылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алыс және аз қоныстанған ауылдарды интернетпен қамту мәселесі спутниктік байланыс жобалары арқылы шешіліп жатыр. 2025 жылдың соңына дейін басқа технологиялар жете алмаған 504 ауыл спутниктік интернетке қосылады», - деді Мәдиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қазір еліміздегі ауылдардың 84%-ында мобильді интернет бар. 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторлары бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырады. Нәтижесінде, 4G желісі барлық елді мекеннің 92%-ына дейін жетеді.

«Сонымен қатар, 5G желісі облыстық және республикалық маңызы бар 20 қалаға енгізіліп, қалалардың 60-75% аумағын қамтиды. Бұдан бөлек, 40 000 шақырым автожол бойы 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі. Бұл жоба үшін жеке инвестор тартылады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауыл #интернет