$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2020, 16:48
Үкімет

Тоқаев Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады

Мемлекет басшысы коронавирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсетуді тапсырды

Тоқаев Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминнің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс басшыларына пандемияның таралуын тез арада шектеуге қатысты шұғыл әрі тиімді шаралар қабылдауға, коронавирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсетуге, азаматтардан тест сынамасын алудың ауқымын кеңейтуге, дәрігерлерді арнайы қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмектермен, өкпеге жасанды жолмен дем беретін аппараттармен және өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтасыз етуді тапсырды»,- делінген хабарламада.

Президенттің пікірінше, азаматтардың денсаулығын қорғау ісінде алғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне материалдық және моральдік тұрғыдан қолдау көрсетудің мәні зор. Үкімет пен әкімдер халық арасында карантин режимін сақтаудың аса маңызды екенін түсіндіріп, бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізуге тиіс. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына экономиканың құлдырауына жол бермеу, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары