$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кәсіпорындар жұмысшылардың жарақат алғанын жасыра алмайды: Бектенов тапсырма берді

Еңбек министрлігі қарашаға дейін заңнамалық түзетулер әзірлейді

Кәсіпорындар жұмысшылардың жарақат алғанын жасыра алмайды: Бектенов тапсырма берді
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда жұмыс берушілерге өндірісте жарақат алу фактілерін жасыруға заңмен тыйым салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Премьер-министр Олжас Бектенов қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында бірқатар тапсырма берді.

«Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 қарашасына дейін жұмыс берушілердің өндірісте жарақат алу фактілерін жасыруын болдырмау бөлігінде заңнамалық түзетулер әзірлеуі қажет», - деді ол Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Өнеркәсіп министрлігі жұмыс берушілермен бірге жыл соңына дейін өнеркәсіп орындары мен құрылыс секторында өндірістік қауіпсіздікті және еңбекті қорғауға арналған арнайы жабдықтарды міндетті түрде орнатуы қажет.

Бұдан бөлек Төтенше жағдайлар министрлігіне осы жылдың соңына дейін кәсіпорындарға өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізу тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары