$ 502.6  589.95  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.06.2020, 14:54
Үкімет

Қазақстанда жан-жануарлардың ондаған түрі жойылып кету алдында тұр – Тоқаев

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Қазақстанда жан-жануарлардың ондаған түрі жойылып кету алдында тұр – Тоқаев
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұрғанын айтты.

«Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, кеше Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы бастама көтеріп, барлық мүдделі тұлғаларды кеңеске қосылуға шақырды.