$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.06.2020, 12:37
Үкімет

Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

Айдын Ашуев бұған дейін аталмыш ведомствода Қазынашылық комитетінің төрағасы болды

Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды
фото: pm.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жұмабекұлы Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Айдын Ашуев 1976 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қаржы академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық секторда, «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ, ҚР Статистика агенттігінде жұмыс істеді, «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК басқарды.

2019 жылдың тамызына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

2019 жылдың тамызынан бастап Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы лауазымында болды.

Серіктес жаңалықтары