04.06.2020, 15:38
Үкімет
Тоқаев ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің есебін тыңдады
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
Фото: akorda.kz
Жиынға ҰҚК орталық аппаратының және аймақтық бөлімшелерінің басқарушы құрамы қатысты.
Жиын алдында Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ҰҚК органдары қызметкерлерін еске алуға арналған стелаға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ ҰҚК орталық аппаратының 2017 жылы қайта жөндеуден өткен музейіндегі Тәуелсіздік алған сәттен бергі Комитеттің даму тарихын қамтитын экспозицияны көрді.
Отырыс барысында Президент ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің баяндамасын, комитеттің құрылымдық және аймақтық органдары басшыларының есебін тыңдады.
Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар нақты тапсырма берді.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды
11.10.2026, 11:45
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарды