$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2020, 11:56
Үкімет

«Құпия емес». Жұмағалиев қай ауылға қай күні интернет жететінін хабарлауға уәде берді

Министрлік елді мекендерге интернет қашан жететінін көрсетіп отыратын карта әзірлейді

«Құпия емес». Жұмағалиев қай ауылға қай күні интернет жететінін хабарлауға уәде берді
фото: Батыржан Беспаев

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінен елдімекендерге интернет қашан жететінін көрсететін карта жасауды талап етті.

«Сіз айтып отырған ақпарат мемлекеттік құпия ма? Сіз басқарып отырған министрлік Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі секілді жасай ала ма? Олар республикалық және өңірлік автомобильдік жолдардың даму картасын дайындады. Халық қай кезеңде, қай жылы, қай жерде жол жөнделетінін біледі. Сол секілді, жұрт интернеттің қашан жететінін біліп отыруы керек»,- деді Мәжіліс спикері отырыста.

Министр Жұмағалиев картаның жақын аралықта дайын болатынын мәлімдеді.

«Бұл құпия емес. Біз цифрлық даму картасын аяқтап қалдық. Маусымның аяғына дейін дайын болады. Қағаз нұсқасы бар», - деді ол.

Нұрлан Нығматулин министрден жобаны Үкімет есебіне, яғни 22 маусымға дейін бітіруді талап етіп, уәдесін алды.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары