$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Уақыт белдеуінің өзгеруі халық өміріне теріс әсер еткен жоқ – министр

Мониторинг нәтижесі депутаттардың қарауына енді

Уақыт белдеуінің өзгеруі халық өміріне теріс әсер еткен жоқ – министр
Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Бірыңғай уақыт белдеуі Қазақстан халқының өміріне теріс әсер еткен жоқ. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Нақты деректерге негізделген нәтижелер уақыт белдеуінің өзгеруі халық өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері боллмағанын айқындайды. Сонымен қатар өңірерде талқылау барысында мәлихаттар жұмыс кестесін ауыстыру арқылы жұмыс уақытын оңтайландыру туралы бастаманы қолдады. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында, Марқакөл, Күршім, Қатон Қарағай, Үлкен нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самара тұрғындары тарапынан қолдау тауып, жұмыс кестесі таңғы сегізден кешкі бес жарымға дейін өзгертілді. Бұл шаралар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, сонымен қатар кәсіби және жеке өмір арасындағы тиімділікті жақсартуға бағытталған. Қажет болған жағдайда осындай тәжірибені басқа өңірлерде де қолдануға болады», деді Шаққалиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, мониторинг нәтижесі наурыз айының басында Мәжілістің AMANAT фракциясына енгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#уақыт белдеуі