Тоқаев жаңа Салық кодексі туралы: қателесуге болмайды
Президент министрлерге жаңа Салық кодексінің жобасын мұқият пысықтауды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексінің жобасын жан-жақты талқылауды тапсырып, қателесуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент қазір Салық кодексінің жобасы Мәжілісте қаралып жатқанын атап өтті.
«Бұл жақсы нәтиже, дегенмен биыл Салық кодексіне я болмаса Бюджет кодексіне назар аудару керек. Біз оның бәрін қалай істейміз? Қателесуге болмайды. Сол себепті жұмыс істеңдер. Жалпы реформа керек екенін растаймын. Бірақ қазір біздің алдымызда Ұлттық қордан алынатын трансфертті азайту, оның жинақтаушы функциясын күшейту міндеті тұр. Қорда жиналған ақшаны ірі инфрақұрылымдық жобаларға жұмсау керек, бұл ең біз үшін басым міндет», - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.