$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министр тозығы жеткен 800-ден астам вагон қалай жаңартылатынын айтты

Швейцариялық зауыт Астанада вагон құрастырады

Министр тозығы жеткен 800-ден астам вагон қалай жаңартылатынын айтты
Фото: gov.kz

Астанада іске қосылатын швейцариялық «Штадлер» мен Петропавлдағы «ЗИКСТО» кәсіпорны жаңа жолаушылар вагондарын шығарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов өнеркәсіп және құрылыс министрінен 2030 жылға дейін тозығы жеткен 800-ден астам жолаушылар вагоны қалай жаңартылатынын сұрады.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, келесі жылы елордада жолаушылар вагондарын шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады.

«Астана қаласында 2025 жылы жаңа өндірісті іске қосамыз. Ол Швейцарияның ірі компаниясы –  Штадлер, Қазақстанда жолаушылар вагондарын шығарады. Кәсіпорынның қуаттылығы 500 вагоннан асады. Оған қоса Петропавл қаласында жұмыс істейтін ЗИКСТО кәсіпорны бар. Бұл зауыттың қуаттылығы –  300 жолаушылар вагоны. Осы екі зауыт арқылы 2030 жылға дейін жолаушылар вагондары паркін жаңартамыз», - деп жауап берді министр.

Серіктес жаңалықтары