$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда Қытай көліктерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға тақап қалды

Жаңа зауыт жылына 90 мың автокөлік жасап шығады

Қазақстанда Қытай көліктерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға тақап қалды
Фото: istockphoto.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде отандық автокөлік өндірісі қалай дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр отандық автомобильдердің CKD әдісімен өндірісін ұлғайтуға баса назар аударылатынын атап өтті.

«Бұл дегеніміз – елде шығарылған автомобильдерде отандық компоненттердің үлесін арттыру. Осы бағытта шетелдік және отандық инвесторлар ел аумағында жаңа зауыттар салып жатыр. Мәселен, Changan, Haval, Chery автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, бұл зауытта CKD әдісімен жылына 90 мың бірлік автокөлік шығарылады», - деді Шарлапаев үкімет отырысында.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, ел аумағында 200 млн долларлық KIA автомобиль зауытының құрылысы жүріп жатыр.

Бұдан бөлек, 150 млн долларға Geely, Exeed, КAIYI жеңіл автомобильдер өндірісі пысықталуда.

«Секторды одан әрі дамыту автокомпоненттердің отандық өндірісін игеру есебінен жоспарланып отыр. Мысалы, биыл Алматы қаласында мультимедиялық жүйелердің және автокреслолардың сериялық өндірісі іске қосылады деп күтілуде», - дейді ведомство басшысы.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша республикада 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылған.

Серіктес жаңалықтары