Талғардағы үйдің өрті: оқыс жағдай болмағаны анықталды

Аягөз Құрмаш

Шығын есептеліп жатыр

Талғардағы үйдің өрті: оқыс жағдай болмағаны анықталды
Фото: ТЖМ

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тың мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз сондай-ақ отбасы тұрған өрттің шығу себебін белсенді тергеу жүргізіп жатырмыз. 600-ден астам адам сұралды», - дейді ол.

Берік Адамов атағандай, үйдің шығыны анықталып жатыр.

«Мамандар өрттің оқыс жағдай болмағанын, өрт үйдің сыртынан бөгде от көзінен болғаны жайлы алдын ала қорытынды шығарылды. Оқиға орнынан табылған канистр мен өзге заттар сараптамаға берілді. Шығын көлемі анықталып жатыр», - деді Адамов.

Брифинг барысында анықталғандай, өртке қатысты күдіктілер әлі анықталған жоқ. 

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.