$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Теңге жыл басынан бері 5,8 пайызға әлсіреді

Теңгенің динамикасы әлемдік нарықтағы және геосаяси жағдайларға байланысты болады, дейді Сүлейменов

Теңге жыл басынан бері 5,8 пайызға әлсіреді
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның ұлттық валютасы 2024 жылғы қаңтардан бері 5,8 пайызға әлсіреген. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қыркүйекте теңгенің айырбастау бағамы 1 доллар үшін 481,11 теңгеге дейін, яғни 0,1%-ға аздап нығайды. Алайда жылдың басынан бері 5,8%-ға әлсіреді. Трансферттерді қамтамасыз ету үшін қыркүйекте Ұлттық қордан республикалық бюджетке 945 млн доллар валюта сату теңгеге қолдау көрсетті», - деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Ұлттық банктің «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алуының валюта нарығына ықтимал теріс әсерін теңестіру аясында 241,5 млн АҚШ доллары сатып алынған.

«БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау үшін шетел валютасын сатып алу көлемі 500 млн доллар болған. Зейнетақы активтерінің валюталық үлесі мақсатты 40% деңгейіне жетуіне байланысты шетел валютасын сатып алуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданды», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Сүлейменов теңгенің бұдан кейінгі динамикасы нарыққа қатысушылардың болжамдарына, әлемдік нарықтардағы жағдайға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары