$ 491.71  529.97  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АЭС-ті салатын халықаралық консорциумға қай елдер кіретіні келесі жылы белгілі болады

АЭС-тің қауіпсіздігі бірінші орында, дейді Скляр

АЭС-ті салатын халықаралық консорциумға қай елдер кіретіні келесі жылы белгілі болады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елімізде атом электр стансасын салатын халықаралық консорциумға қай елдер кіретіні 2025 жылы белгілі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Скляр халықаралық консорциум қай елдерден құралатынын айта алмады. Оның айтуынша, бүкіл ақпарат келесі жылы белгілі болады.

«Халықаралық консорциумға кімдер мүше болатыны, құжаттама қашан дайындалатыны, мердігер бойынша шешім қашан қабылданатыны келесі жылы белгілі болады. Техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға бір жыл, жобалық-сметалық құжаттамаға бір жарым жыл кетеді. Содан кейін ғана құрылыс басталады. Жауапкершілік өте зор, өйткені АЭС қауіпсіздігі бәрінен жоғары. Әрине, біздің елде жұмыс істейтін кез келген нысанның, жылу электр орталығының қауіпсіздігі маңызды, бірақ АЭС қауіпсіздігіне ерекше басымдық берілген. Сол себепті консорциумға қай елдерден қандай компаниялар кіреді деген сұрақтың жауабын әзірге білмейміз», - деді Скляр үкіметте өткен брифингте.

6 қазанда өткен республикалық референдумда дауыс берген қазақстандықтардың 71 пайыздан астамы АЭС құрылысын қолдаған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Роман Скляр #АЭС