$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2024, 09:11
Үкімет

Үкімет су тасқынын болжау үшін резервтен 576 млн теңге бөлді

Бұл қаражатқа өзен-сулардағы су деңгейі анықталады

Үкімет су тасқынын болжау үшін резервтен 576 млн теңге бөлді
Фото: Ақорда

Үкімет су тасқынының алдын алу үшін өзен-сулардағы су деңгейін анықтайтын батиметриялық зерттеулерге 576 млн теңге бөлді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Ақшаны су ресурстары және ирригация министрлігі алады.

«Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулерге бағытталады. Атап айтқанда, осы ақшаны «Қазсушар» компаниясының «Су метрология» филиалына беріп, еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлердегі су тасқыны қаупі бар учаскелеріне батиметриялық зерттеу жүргізу көзделіп отыр», - деп хабарлайды үкімет. 

Өзен-сулар биыл да, 2025 жылы да зерттелуі керек. Зерттеудің деректері цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясына беріледі.

Серіктес жаңалықтары