03.09.2024, 13:00
Үкімет
Тоқаев жаңа министрден нәтижелі жұмыс күтеді
Мемлекет басшысы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады
Фото: Ақорда
Тоқаев туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту, саланы ғылыммен ұштастыру бағытында міндет жүктеді.
Президент министрден биыл маусым айында өткен Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.
Көп оқылған
08.09.2026, 12:48
«Өзіме де қызық»: Жұлдыз Сүлейменова «қыркүйек» пен «қыргүйекке» қатысты ойын айтты
08.09.2026, 17:29
БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
08.09.2026, 08:31
Қарағандыда саяжай кооперативінің басшысы мен қоғам белсендісін өлтіріп кетті: сұмдық оқиғаның мән-жайы ашылды