30 ел біздің цифрландыруға қызығып отыр – министр

Аягөз Құрмаш

Ол бірқатар елдермен келісім бар екені хабарлады 

30 ел біздің цифрландыруға қызығып отыр – министр
Фото: t.me/KZgovernment/

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркісібі министрі Жаслан Мәдиев Азия-Тынық мұхиты министрлер конференциясында Қазақстандағы цифрландыруға қызығып отырған елдер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматыда цифрлық орталық ашылуы мүмкін. Осы конференцияда біздің министрлік басқа елдің цифрлық министрлерімен осы мәселені талқылайды. Келесі жылдың сәуірінде шешім қабылдануы мүмкін», - дейді министр.

Министр атағандай, конференцияға келген 30-дан астам елдің өкілдері Қазақстанның цифрлық шешімдеріне қызыққан. 

«Олар egov.kz жүйесіне қызықты. Өзге елдің цифрлық министрлерімен IT технология бойынша келісімдер орнатады. Конференция барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Соның бірі - Amazon Кiper. Ол спутниктік интернет желісін ұсынады. Starlink-ке ұқсас желі, бұл салада бәсекелестікті дамыта отырып, азаматтарға қолжетімді бағаға сапалы қызмет ұсынуға мүмкіндік береді», - дейді Жаслан Мәдиев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.