Жыл соңына дейін медициналық қызметтердің бірыңғай пакеті дайын тұру керек – Бектенов

Azattyq Rýhy

Үкімет президенттің Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға кірісті

Жыл соңына дейін медициналық қызметтердің бірыңғай пакеті дайын тұру керек – Бектенов
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысы міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруға бағытталған қаражатты жұмсау тиімділігін бақылау жөніндегі тапсырмасына назар аударып, оны орындауға кіріскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы міндетті орындау үшін Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін базалық медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру жөніндегі жұмысты аяқтауы қажет. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті заңнамалық түзетулер енгізіп, олардың жыл соңына дейін қабылдануын қамтамасыз етуі керек. Бұдан басқа, Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрліктері бірыңғай медициналық ақпараттық жүйенің құрылуын қамтамасыз етуге тиіс»,- деді тапсырма берген Бектенов бүгін үкімет отырысында.

Ұлттық экономика министрлігі денсаулық сақтау, оқу-ағарту, жоғары білім министрліктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану жөніндегі қағидалардың жобасын әзірлеуге міндеттелді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.