Сметовтің үйіне апаратын жолға онсыз да асфальт салынатын еді - Қарашөкеев (ВИДЕО)

Аягөз Құрмаш

Ол ауылда тағы бірнеше жол жөнделуі керек дейді

Сметовтің үйіне апаратын жолға онсыз да асфальт салынатын еді - Қарашөкеев (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жеңгеннен кейін оның үйіне апаратын жолға төселген асфальт туралы айтып, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ол ауылда қазан айында астфальт төселеді деген жоспар болған. Қазір жол жөндеу бойынша да мемлекеттік жұмыстар оңай емес. Сондықтан, процесс басталған еді.  Ұтып алған мердігерлер екінші мердігерлермен соттасып, асфальт төсеу мәселесі кешікті. Мерзім бойынша біз шілде айында асфальт төсеуіміз керек болатын.  Сол себепті мердігерлер өз тарапынан жолды жөндеп берді.  Сметовтің ауылында 6-8 жолды жөндеу жоспарда бар еді. Оған үлгермей жатыр», - дейді Қарашөкеев.

Еске салсақ, Париж Олимпиадасында Елдос Сметов дзюдодан чемпион атанған соң, оның үйіне баратын жолға асфальт төселген еді. Кейін бұл әрекет әлеуметтік желіде трендке айналып, жеңіспен оралатын спортшылардың үйіне апаратын жол асфальтталатыны қызу талқыланған болатын. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.