Жаңа «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасынан не күтеміз?
Үкіметтің кезекті отырысында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды, деп хабарлайды pm.kz
Бірінші мәселені қарау барысында Премьер-Министрге соңғы 5 жылда көлік саласын дамытуға шамамен 5,8 трлн теңге инвестиция бағытталғаны баяндалды. Осындай ауқымды салымдардың арқасында:
ЖІӨ-дегі көлік үлесі 2018 жылы 7,9%-дан 8,2%-ға дейін өсті, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 8,3% деңгейінде күтілуде;
400 мыңнан астам жұмыс орны құрылды;
еңбек өнімділігі – 1,7 есеге артты. Контейнерлердің жалпы транзиті 3 есе өсті;
3 мың шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланды, 15 мың шақырым облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделді, 1,4 мың шақырым жаңа темір жол пайдалануға берілді;
Орал, Петропавл, Алматы, Семей, Қостанай, Балқаш әуежайларында 6 ұшу-қону жолағы жаңғыртылды.
Үкімет басшысы А. Маминнің айтуынша, тұрақты көліктік-логистикалық жүйе қалыптасты. Соның нәтижесінде Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансконтиненталды көпірге айналды.