05.05.2020, 16:40
Үкімет
Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскеменнен Алакөлге қатынайтын әуе рейстері ашылады
Бұл рейстер демалыс маусымы аяқталғанға дейін, яғни қазан айына дейін жоспарланған
Фото: zakon.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл демалыс аймағына барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үржар кентіне субсидияланған әлеуметтік маңызы бар рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда:
- Нұр-Сұлтан қаласынан Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Оған 174,3 млн теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны - 16 мың теңге.
- Алматыдан Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 109,4 млн теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны - 14 мың теңге.
- Өскеменнен Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы жыл бойына аптасына 1 рейстен атқарады. Бөлінетін сома – 207,7 млн теңге. Тариф құны – 10 мың теңге.
Көп оқылған
29.08.2026, 07:23
Жаңбыр, найзағай және аптап: 29 тамызда елде құбылмалы ауа райы күтіледі
29.08.2026, 08:31
Алматыдағы кафеден өрт шықты: құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады
29.08.2026, 20:31
Үсік, нөсер және қатты жел: 30 тамызда ауа райы бұзылады
29.08.2026, 15:20
30 тамыз күні ауа райы қандай болады
29.08.2026, 10:03
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде пышақпен адамдарды қорқытқан жігіт ұсталды
29.08.2026, 21:19
Сағызға қақалып қалған: Алматыда майор қызды құтқарып қалды (ВИДЕО)