$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2020, 11:17
Үкімет

KazStSat және KazEOSat-1 спутниктері Мақтааралдағы су басқан аумақты анықтауға көмектесті

Деректер Түркістан облысының әкімдігіне беріліп отыр

KazStSat және KazEOSat-1 спутниктері Мақтааралдағы су басқан аумақты анықтауға көмектесті

Ғарыштан түсірген суреттер Түркістан облысындағы су тасқынының аумағын нақты анықтауға септігін тигізді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жерді қашықтан зондтау және жер учаскелерін цифрлау жүйесі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы су басу аумағын жедел анықтауға мүмкіндік берді. Қазақстандық KazStSat және KazEOSat-1 спутниктері және Қазақстанның стратегиялық әріптесі – Airbus D&S спутнигі жасаған ғарыштық мониторинг деректері өңірдегі су тасқыны жағдайын талдауға негіз болды. «Қазақстан Ғарыш Сапары» мамандары қысқа мерзімде су басқан елдімекендердегі үйлер мен ғимараттарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады», - делінген хабарламада.

Әкімдік осы мәліметтер бойынша зардап шеккен азаматтарды, яғни жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің иелерін анықтаған.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ мамандары ғарыштан алынған деректерді арнайы геопорталға орналастырды. Төтенше жағдайды одан әрі қадағалау үшін бұл деректер Түркістан облысының әкімдігіне және Төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық департаментке беріліп отырды. Спутниктен алынған деректер ТЖ кезінде үнемі жаңартылып тұрады», - делінген.

Мақтаарал ауданындағы «Сардоба» су қоймасы бөгетінің бұзылуы туралы хабар берілген бойда, Жерді қашықтан зондтау құралдары арқылы жағдай бақылауға алынған.

Спутниктердің жұмысын бақылап отыратын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының мамандары KazEOSat-1 және KazEOSat-2 жерсеріктерінің, «Ghalam» ЖШС мамандары ғылыми-технологиялық мақсаттағы KazStSat спутнигінің қажетті аймақтың үстінен өтуіне септесіп, алдағы күндерге қатысты түсірілім жұмысын жоспарлаған. Осымен бірге, белгіленген аумақты суретке түсіру жұмысына «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның әлемдік әріптестері: Airbus, Maxar, Planet операторлары да қатысты.

Серіктес жаңалықтары