Олжас Бектенов: қара алтын Қазақстан игілігіне қызмет ету үшін не істеліп жатыр
Өткен жылы елімізде 90 млн тонна мұнай өндірілді
Үкімет басшысы Олжас Бектенов мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өткен жылы елімізде 90 млн тонна мұнай өндірілді, ал расталған қор 2,9 млрд тоннаға бағаланып отыр.
Атырау облысында жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін мұнай-химия зауыты салынып жатыр. Сонымен қатар 3 газ өңдеу зауыты жыл басынан салына бастады. Бутадиен және полиэтилен өндіретін зауыттар салу перспективалары талқыланды.
«Мұнай-газ саласы ең алдымен, барша Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуі керек. Біз ұлттық бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын құруға және азаматтарымыздың тұрмыс деңгейін жақсартуға ықпал ете отырып, мұнай-газ саласынан түсетін табыстың неғұрлым көп бөлігінің Қазақстанда қалғанын қалаймыз.
Сондай-ақ жергілікті кадрларға да тиісті көңіл бөлу қажет. Көптеген есептерде жұмысшылардың 90%-дан астамы қазақстандықтар екенін көріп отырмыз. Бірақ басшылық құрам туралы бұлай айта алмаймыз. Бүгінгі таңда елімізде әлемдік жетекші мұнай-газ компанияларынан алған жұмыс тәжірибесі бар басқарушылар жеткілікті. Оларға жобаларда перспективалық позицияларды ұсынуымыз қажет», - деп атап өтті Олжас Бектенов.