$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.08.2024, 09:45
Үкімет

Тимур Құлыбаевтың мұнай компаниясына 13,6 млрд теңге айыппұл салынды

Ұлттық қор 13,6 млрд теңгемен толықты

Тимур Құлыбаевтың мұнай компаниясына 13,6 млрд теңге айыппұл салынды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Атырау облысында «Каспий нефть» компаниясына 13,6 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыс прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды. Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен «Каспий нефть» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730  теңге айыппұл салынды», - делінген ақпаратта.

Айыппұл бюджетке өндіріліп, Ұлттық қор 13 684 868 730 теңгеге толықты.

«Каспий мұнай» АҚ-ның 100% акциясының иесі – Тимур Құлыбаев. Компания Атырау облысы Айранкөл кен орнында мұнайды барлаумен, өндірумен айналысады.

Серіктес жаңалықтары