Жыл соңына дейін елімізде 40 оңалту орталығы ашылады

Azattyq Rýhy

«Самұрық-Қазына» төрағасы президентке есеп берді

Жыл соңына дейін елімізде 40 оңалту орталығы ашылады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың жазуынша, Нұрлан Жақыпов қордың биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы жұмыстарының жоспарын таныстырды.

  • басты өндірістік көрсеткіштер жоспарға сәйкес атқарылып отыр;
  • қордың кірісі 7,9 триллион теңгені құрады. Бұл белгіленген жоспардан 7 пайызға артық;
  • қор тікелей шетелдік инвестицияның катализаторына айналды. Сонымен қатар мұнай-газ химиясы, энергетика, көлік және логистика, машина жасау, цифрландыру салаларындағы жобаларға шетелдік серіктестерімен бірлесіп инвестиция құяды.

«Самұрық-Қазына» тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53,5 триллион теңге болатын 130-дан астам жоба бар екенін баяндады. Мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, логистика салаларында және тау-кен өнеркәсібінде жүзеге асырылатын жобалар ел экономикасына мультипликативті әсер етеді деп күтілуде.

Қордың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы қайырымдылық жобалары туралы мәлімет берді:

  • жыл соңына дейін елімізде 40 оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қор жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырма берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.