30.07.2024, 14:17
Үкімет
Құдайберген Арымбек Энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
Фото: ҚР Үкіметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Құдайберген Берікұлы Арымбек Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.
Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін бітірген.
Әр жылдары Мұнай және газ министрлігінде бас сарапшы, ҚР Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болды.
2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінде департамент директоры қызметін атқарды.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
15.08.2026, 08:24
Түркістан облысының тұрғыны сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасын алды
15.08.2026, 10:00
Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады