30.07.2024, 13:11
Үкімет
Ерлан Нысанбаев 63 жасқа толғанда зейнетке кете ме
Экология министрі журналист сауалына жауап берді
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев биыл 11 тамызда 63 жасқа толады. Үкіметтегі баспасөз конференциясынан соң Azattyq Rýhy тілшісінің «зейнет жасына толғаннан кейін отставкаға шығасыз ба» деген сауалына министр жауап берді.
«Шешімді қабылдайтын – Мемлекет басшысы», - деді министр.
Журналистің «ал өзіңіз зейнеткер есебінде жұмыс істеуден бас тартқыңыз келмей ме» деген сауалына былай жауап берді:
«Шешімге байланысты», - деді ол.
Ерлан Нысанбаев 1961 жылы 11 тамыз күні Алматы облысы Ұйғыр ауданы Подгорное ауылында дүниеге келген. 2024 жылы ақпанда Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне қайта кірісті.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді