15.07.2024, 16:10
Үкімет
Геннадий Головкин Тоқаевқа не айтты
Ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді.
Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр.
Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 09:11
Телефон ұстау, қарсы жолаққа шығу: дрондар жүргізушілердің 20 мыңнан аса жол ережесін бұзғанын анықтады (ВИДЕО)