«ҚазАвтоЖол» басшысы Астана-Көкшетау бағытындағы әжетхана неге жұмыс істемегенін түсіндірді

Аягөз Құрмаш

Мердігер мәселенің шешімін тапқан

«ҚазАвтоЖол» басшысы Астана-Көкшетау бағытындағы әжетхана неге жұмыс істемегенін түсіндірді
Фото: istockphoto.com

Үкіметте өткен брифинг барысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының төрағасы Дархан Иманашев Астана-Көкшетау бағытындағы дәретханалардың жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Астана-Көкшетау бағытында 4 нүктеде қазіргі заманға сай дәретханалар орналасқан. Ол дәретханалар бойынша біз мердігер тауып, жалға бердік. Осы немесе келесі аптадан бастап олар жұмысын бастайды. Қазір ол әжетханалар жабық тұрған жоқ. Демалыс күндері жол бойынан өте көп турист өтті. Сол себепті тоқ мәселесі шығып, сорғының «розеткасы» істен шығып кеткеннен кейін әжетхана жұмыс істей алмады», - дейді ол.

Иманашевтің айтуынша, дәретханадағы оқыс жағдайды мердігер 1 сағаттың ішінде шешкен.

«Сорғының жұмысы іске қосылды. Жолаушылардың тарапынан да мәселе туындайтын кездер болады. Мысалы, әжетхананың ішіне баланың жөргегін тастаған. Әжетхана бітеліп, оны тазалау үшін де уақыт кетті», - дейді ол.

Еске салсақ, осыған дейін әлеуметтік желіде жол бойындағы заманауи әжетханалардың жұмысы тоқтап тұрғаны жайлы видео тараған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.