Оңай жерде ақша жоқ: ОСК хатшысы референдум шығындары туралы айтты

Azattyq Rýhy

Мұхтар Ерман қаражат қайдан алынатынын түсіндірді 

Оңай жерде ақша жоқ: ОСК хатшысы референдум шығындары туралы айтты
Фото: parlam.kz

Референдум өткізуге қаражат қайдан алынады? Azattyq Rýhy тілшісінің сұрағына Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Референдум датасы Президенттің жарлығымен белгілі болады деп ойлаймын. Алдыңғы референдум да мамыр айында жарияланды, сосын күзде өткіздік. Үкімет референдумды өткізу күнін белгілеп, ұсынады, сосын Мемлекет басшысы жарлығымен нақтыланады. Қашан, қалай өткізілетіні жайлы әлі нақты жоспар жоқ, сондықтан бюджеті де белгісіз. Шамамен сол бұрынғыдай сома шығуы мүмкін. Дегенмен, арада екі жыл өтті. Экономикада өзгерістер болды, оның бәрі ескеріледі. Бізде барлық отырыс ашық өтеді. Ақша ешқашан оңай алынып, жұмсала салмайды. Резервтен бе, бюджеттен бе – Үкімет шешеді», - деді Мұхтар Ерман.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.