Лудоманияға қарсы заңды қабылдауға қарсылық танытқан ықпалды топтар болды – Ерлан Қошанов

Azattyq Rýhy

Борышкерлер мен алимент төлеушілердің ойнауына тыйым салынды

Лудоманияға қарсы заңды қабылдауға қарсылық танытқан ықпалды топтар болды – Ерлан Қошанов
Фото: parlam.kz

Мемлекеттік, әскери және құқық қорғау қызметкерлеріне, борышкерлер мен алимент төлеушілердің ойнауына тыйым салынды. Дегенмен, заңды қабылдауға қарсылық танытуға тырысқан ықпалды топтар да болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы құмар ойынды ХХІ ғасырдағы ең келеңсіз әлеуметтік індеттің бірі деп атады. Тек ресми деректер бойынша шамамен 400 мыңға жуық азамат құмар ойынның құрығына түскен. Олардың дені – жастар. Ойын бизнесі туралы заң Парламент қабырғасында, түрлі қоғамдық алаңдарда ұзақ уақыт бойы талқыланды. Заңды қабылдауға қарсылық танытуға тырысқан ықпалды топтар да болды. 

Соған қарамастан депутаттар букмекерлік кеңселер мен казиноларға қойылатын талаптарды қатайтты. Онлайн-казино қызметін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді. Борышкерлер мен алимент төлеушілердің ойнауына тыйым салынды», - деді Ерлан Қошанов. 

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.