Экслюзив: Нұрлан Нығматулин, Даниал Ахметовтардың БАӘ-дағы активтері тексеріле ме

Аягөз Құрмаш

Шетелдегі кез келген заңсыз актив тексеріледі

Экслюзив: Нұрлан Нығматулин, Даниал Ахметовтардың БАӘ-дағы активтері тексеріле ме
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Сенаттың жалпы отырысының кулуарында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ескі Қазақстан өкілдерінің БАӘ-дегі активтерін қайтару мәселесі жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттік тілшісі өзінің эксклюзивті сұрағында активтерді қайтару бойынша комиссияның жұмысы жайлы сұрады.

«Бүгінде активтерді қайтару бойынша Бас прокуратура жанындағы комиссия жұмыс істеп жатыр. Біз жұмыс органдарының бірі боламыз, барлық мәліметті жіберіп отырамыз. Егер де шығарылған активтер заңсыз болса, тәртіпке сәйкес, олар реестрге енгізіліп, ұжымдық түрде шешім қабылданады», - деді Біржанов.

Вице-министрге Нұрлан Нығматулиннің отбасына, Даниал Ахметовтың ұлының атына жазылған БАӘ-дағы бірнеше пәтердің жағдайы жайлы сұрақ қойылды.

«Бұл тұлғаларға қатысты менде ақпарат жоқ. Себебі ол реестрді өзге құқық қорғау блогы, басқа орган жүргізеді. Шетелдегі кез келген заңсыз актив тексеріледі. Қаржы министрінің өкілі ретінде айтатын болсам, аты-жөнсіз шығарылған кез келген қаражатты тексереміз. Бұқараға танымал емес тұлғалар да өз компаниясының активін шығарып алып, олар заңсыз болса, олар тексеріледі», - деді вице-министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.