Екі аптаға созылған сыпайылық шегіне жетті: Әлихан Смайылов қолын сілтеп брифингтен шығып кетті

Azattyq Rýhy

Экс-премьер көлік дағдарысы үшін жауапты адамның атын айтудан жалтарды

Екі аптаға созылған сыпайылық шегіне жетті: Әлихан Смайылов қолын сілтеп брифингтен шығып кетті
Фото: Azattyq Rýhy

«Елдегі көлік дағдарысы үшін кім жауап беруі керек?». Экс премьер-министрге қойылған сауал осы. Алайда Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов журналистер сауалынан қашып, Сенаттағы брифингтен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұрынғы премьер-министр Смайылов бастаған Жоғары аудиторлық палата Парламентке Қазақстандағы көлік саласының дамуы туралы есеп береді.

Смайыловқа Көлік министрлігі мен ведомстволық ұйымдардың қызметі туралы Жоғары аудиторлық палата қорытындыларын баяндап қана қоймай, өзі басқарған кезеңдегі Министрлер Кабинетінің қателіктері үшін жауап беруге тура келді.  

Екі апта бойы Мәжіліс пен Сенат отырыстарынан соң Әлихан Асханұлы журналистердің барлық ыңғайсыз сұрағына шыдамдылықпен жауап берді. Алайда бүгін оның шыдамы шегіне жетті.  

БАҚ өкілдері одан «Көлік дағдарысы қашан басталғанын және министрлердің қайсысы жеке жазалануы керек екенін» сұрады. Смайылов Үкімет жолдарды басқарудағы қателерді түзететінін және ол үшін барлық қажетті шара қабылданып жатқанын айтып сендірді.

«Өткен жылы 2100 шақырым республикалық жол, 4500 шақырым жергілікті жол пайдалануға берілді. Биыл тағы 2100 шақырым республикалық тас жол мен 7 мың шақырым жергілікті жол қосылады», - деді ол.

Ал «Елдегі көлік дағдарысы үшін кім жауап беруі керек?» деген сауал қойылғанда, экс-премьер жауап беруден бас тартып, брифингтен шығып кетті

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.