«Қабілеті бар»: министр Қарабаев ҚТЖ қарызын қалай төлейтінін түсіндірді (ВИДЕО)
Ұлттық компанияның борышы – 2,9 трлн теңге
Мәжіліс кулуарында Көлік министрі Марат Қарабаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚТЖ) 2,9 трлн теңге борышын қалай төлейтінін түсіндірді.
Azattyq Rýhy тілшісінің «ҚТЖ-ның қарызын төлеуге қабілеті жоқ», енді қалай төлейді?» деген сұрағына министр былай жауап берді:
«Қабілеті бар. Әріптестерім осында тұр. Жалпы 2,7 трлн тг қарызы болса, оның өзінің белгіленген мерзімі бар. Кейбір қарыздар бойынша 20 жылға дейін, кейбірі бойынша 35 жылға дейін мерзімі бар. Өткен жылы ҚТЖ таза табысы 164 млрд теңге болды. Қарыз қайдан өтеледі? Транзиттік тарифті ұлғайтып отырмыз», - деді спикер.
Министр жолаушылар билетін қымбаттату арқылы қарызды төлеу жоспары жоқ екенін айтты.
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілісте көлік инфрақұрылымына жасалған аудит қорытындысын жариялап, компания борышы 2024 жылдың басында 2,9 трлн теңгені құрағанын мәлімдеді. ҚТЖ-ның барлық шығыны негізінен транзиттік табыс есебінен жабылады. Ал бұл – экономикалық жағынан қисынсыз.
Оқи отырыңыз: «Премьер болғанда қайда қалдыңыз»: депутат Смайыловқа ҚТЖ туралы «сыпайы» сұрақ қойды