10.06.2024, 11:15
Үкімет
Бағдат Мусин «Қазақтелеком» басшысы қызметіне тағайындалды – БАҚ
Ол 2024 жылдың сәуірінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылған
Фото: instagram.com/bagdatmussin
Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еске салайық, бұған дейін «Қазақтелеком» АҚ 2010 жылдың наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Қуанышбек Есекеев басқарды. Ол Мемлекет басшысы қаулысымен Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін 2020 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды. 2024 жылы 30 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды