Олжас Анафин еңбек вице-министрі болып тағайындалды

Azattyq Rýhy

Ол бұған дейін Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті болған

Олжас Анафин еңбек вице-министрі болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Сейтбатталұлы Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Олжас Анафин 1986 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық маманы болып бастаған.

2015-2016 жылдары — Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлім басшысы.

2016-2020 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарма басшысы, басқарушы директоры.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.