$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елде жоқ көлік аламын деп 1 млн доллар айыппұл төлеген Қазақстан билігіндегі шенеунік кім

Журналист Лұқпан Ахмедьяровтың  сөзіне сенсек, бұл жағдай жуырда болған

Елде жоқ көлік аламын деп 1 млн доллар айыппұл төлеген Қазақстан билігіндегі шенеунік кім
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Танымал журналист Лұқпан Ахмедьяров үкіметтің жоғары лауазымды шенеунігі Таяу Шығыс елдерінің біріне эксклюзивті автокөлік сатып алуға барып, бір миллион доллар айыппұл төлеуге мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ахмедьяров бұл оқиға жайлы Зamandas подкастында мәлімдеді.

«Мен сіздерге өсек ретінде айтайын. Бүгін ғана естідім, жақында болған жағдай деп жатыр. Біздің үкіметтің жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі Таяу Шығысқа өте қымбат, эксклюзивті автокөлік, гиперкар сатып алуға барады. Құны шамамен 700 мың доллар болған. Шенеунік толығымен қолма-қол ақша салып, автокөлікке тапсырыс берген. Ақшаны қолма-қол бергендіктен, Қазақстанға алып кететін көлігі бірнеше күннің ішінде дайын тұрады деп ойлаған. Bugatti  ма, басқа ма, Құдай білсін, эксклюзивті бір гиперкар болған», - дейді Лұқпан Ахмедьяров.

Алайда тапсырыс берген компания көлікті бірден жеткізбеген. Қазақстандық шенеунік өзі күткен үш күннің ішінде автокөлігі келмегендіктен, салонға телефон соғып, айғайлай бастаған.

«Әңгіме барысында «егер ертең көлік менің көз алдымда тұрмаса, мен сенің басыңды жұлып аламын, түсіндің бе?» деген. Бірнеше сағаттан кейін оған дәл осы салоннан қоңырау шалған. «Сіз бүгін біздің қызметкермен сөйлесіпсіз, біз сіздің қоңырауыңыз бойынша жұмыс істедік» деген. Алғашында ол «қазір компания менен кешірім сұрап, автокөлігіңізді жеткізіп береміз деп айтады» деп ойлаған. Бірақ салондағылар «сіздің қоңырауыңыз бойынша жұмыс істедік, аудиожазбаны тыңдап шықтық, сіз біздің қызметкерді өлтіремін деп қорқытқан екенсіз» деген. Осыдан кейін оған аудиожазбаны тыңдатқан, әлгі «басыңды жұлып аламын» деп айтқанын естиді. Оқиға былай аяқталған: салоннан хабарласқандар «700 мың долларды ұмыта берсеңіз болады, біз сізге мұны қайтармаймыз, біздің заң бойынша елімізден  1 млн доллар айыппұл төлеген соң ғана шыға аласыз» деген. Оған тез арада осы ақшаны табуға тура келген, сөйтіп айтқан сомасын тауып, төлеген», - дейді журналист.

«Бұл шын болған оқиға ма?», - деп сұрады подкаст жүргізушілері.

«Иә, болған. Шынымен болған жағдай. Меніңше, жақын күндері осы оқиға бір жерде айтылып та қалады», - деді Ахмедьяров.

«Шамамен қай кезеңде болған? Су тасқыны басталғанда ма?», - деп нақтылады жүргізушілер.

«Иә, соңғы үш апта ішінде болған жағдай. Осы кезең аралығында болған», - деп жауап берді журналист.  Айта кетейік, сұхбат осыдан 4 күн бұрын жарияланған. 

 

Серіктес жаңалықтары