Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының жағдайы талқыланды
Жыл басынан 14 мамырға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсімі 0,3% деңгейінде қалып отыр
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеіңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының жағдайы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен аптада ӘМАТ бағасының орташа индексі үшінші апта қатарынан тұрақты қалпын сақтады. Осылайша, жыл басынан 14 мамырға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсімі 0,3% деңгейінде қалып отыр.
Бір апта ішінде қырыққабаттың орташа бағасы 3,6%-ға төмендеді, бірақ сәбіз, картоп және пияз бағасының өсімі жалғасуда. Түркістан облысында қырыққабаттың алғашқы өнімін жиналып жатыр, егістік басындағы сату бағасы бір кг үшін 20 теңгеден басталады, деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова, басқа өңірлер тарапынан жаңа өнімге деген сұраныс өте төмен. Десе де, сөрелердегі қырыққабаттың бағасы кг үшін 154 теңгені құрап отыр. СИМ өңірлерге Түркістан облысынан жаңа піскен көкөніс сатып алуды пысықтауға шақырды.
Демалыс күндері Өзбекстаннан импортталған жаңа пияздың алғашқы партиялары жеткізілмек. Өзбек көкөнісінің баға диапазоны бір кг үшін 62-71 теңге болмақ. Келісімшарттарға сәйкес алғашқы жеткізілімдер БҚО, Қостанай, Қызылордаға жіберіледі. Жаңа импорттық егінді жеткізуге әзірге тек 10 аймақ өтінім берді.
«Барлық әкімдіктер келесі апта ішінде жаңа піскен егінді,өз таңдауларыңызбен импорттық, я болмаса қазақстандық өндірушілерден сатып алу бойынша барлық келісімшарттардың жұмысын аяқтаңыздар. Осы арқылы, көкөністердің бағасын тұрақтандыру қажет», — деп қорытындылады Серік Жұманғарин.