$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2020, 16:23
Үкімет

42 500 теңге алу үшін екінші рет өтінім берудің қажеті жоқ

Бұған дейін әлеуметтік көмекті алған тиісті жандарға төлем автоматты түрде аударылады

42 500 теңге алу үшін екінші рет өтінім берудің қажеті жоқ
Фотоколлаж

Төтеше жағдай кезінде табысынан, жұмысынан айрылған азаматтарға берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алу үшін екінші рет өтінім берудің қажеті жоқ, төлем автоматты түрде аударылады. Бұл туралы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Мемлекеттік комиссияның хабарлауынша, 20 сәуірден бастап жұмысқа шыққан азаматтарға төлем аударылмайды.

«Төтенше жағдай режимінің 30 сәуірге дейін ұзартылуына байланысты екінші әлеуметтік төлем наурызда немесе сәуір айының басында жәрдемақы алған адамдарға беріледі. Алайда, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 20 сәуірден бастап жұмысқа шығып, қайта еңбекақы ала бастайтын азаматтарға аталған төлем аударылмайтынын ескертеміз», - делінген хабарламада.

Қазақстанда бүгінге дейін әлеуметтік төлем 3,6 млн адамға тағайындалған. Бұл туралы кеше брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді. 

Серіктес жаңалықтары