$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2020, 11:22
Үкімет

42 500 теңге: Неге 3 млн-нан астам адамның өтініші мақұлданбады

Министр азаматтардың өтініш беруде жиі жіберетін қателіктерін тізіп берді

42 500 теңге: Неге 3 млн-нан астам адамның өтініші мақұлданбады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем бойынша 3 млн-ға жуық азаматтың өтініші мақұлданбағанын айтты. Министрдің айтуынша, өтініштен бас тартуға бірнеше жағдай себеп болған.  

«Біріншіден, көбі жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) дұрыс көрсетпеген. Егер ЖСН-ді қате жазсаңыз, тексерген кезде сіз болмай шығасыз. 160 мыңдай адам сондай қате жіберген», - деді министр.

Екіншіден, өтініш берушілер банк реквизитін дұрыс көрсетпейді екен.

«Кейбіреулер 20 сандық IBAN-ды емес, карточканың 16 санын көрсетеді. Есепшоттың басындағы KZ  сөзінен кейінгі сандар оның қай банк екенін білдіреді, жабылып қалған банк есепшоты көрсетілсе, өтінішті кері қайтарып жатырмыз. Содан соң біз бір жұмыс күнінің ішінде есепшотқа ақша аударамыз, бірақ банктер 800 мың адамға жіберген ақшамызды өзімізге қайтарып жіберді. Себебі, сіздердің ол банктегі шоттарыңыз жабылып қалған екен. Сондықтан біз істеп тұрған басқа банктегі шоттарыңызға ақшаны жібердік», - деп түсіндірді оны Б.Нұрымбетов.

Үшіншіден, министрлік уақытша жабылмаған мекемелердің, мемлекеттік қызметкерлердің өтінішін де қарамайды.

«Ескертетініміз, мемлекеттік қызметкерлерге төлемақы төлемейді. Олар қашықтан жұмыс істеп жатыр. Сондықтан мемлекеттік қызметтен өтініш беріп, ЕСП төлеп жатудың қажеті жоқ. Себебі, ЕСП төледім дегені - мен кәсіпкерлікпен айналысамын деген сөз. Ал мемлекеттік қызметтегілер кәсіппен айналыса алмайды. Сондай-ақ зейнеткерлер төтенше жағдайға дейін жұмыс істеген болса ғана төлемақы алады», - деп айтты министр.

Төртіншіден, өтініш берушілердің басым бөлігіне соңғы бір жыл ішінде бірде-бір жұмыс беруші әлеуметтік төлем аудармаған.

«Төртіншіден, миллионнан астам азаматқа 12 ай ішінде жұмыс берушілер бірде-бір әлеуметтік төлем аудармаған. Ондай азаматтардың да өтінішін қайтаруға мәжбүрміз. Бесіншіден, қайтыс болған азаматтардың, елден көшіп кеткендердің де атынан өтініш беріліп жатыр», - деп түйді сөзін ол.

Біржан Нұрымбетов өтініш беруші азаматтың қазіргі статусын 42500enbek.kz сайты арұқылы тексеруге болатынын айтты. Егер министрлік шешімімен келіспесе, 42500@enbek.kz поштасына хат жазуға болады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары