$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2024, 22:11
Үкімет

Су тасқыны: Қанат Бозымбаев өңірлердегі ахуалды баяндады

Су тасқынынан болған материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр

Су тасқыны: Қанат Бозымбаев өңірлердегі ахуалды баяндады
Фото: ТЖМ

Қостанай облысында 243 тұрғын үй су астында қалып отыр, автожолдардың 65 учаскесінде су тасқыны жалғасуда. Жол төсемінің 5 учаскесі және 1 көпірді су шайды. 7 537 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 239 бала бар. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың өңірлер бойынша республикалық ақпараттық штабтың брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның хабарлауынша, Ақмола облысында 75 тұрғын үй су астында қалып отыр, автожолдардың 47 учаскесінде су тасқыны жалғасуда. 675 адам эвакуацияланды, оның ішінде 102 бала бар.

Қарағанды облысында су тасқыны басталғаннан бері 41 үй су астында қалды. Су тасқынынан болған материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

СҚО-да 262 елді мекенді су басу қаупі сақталуда. 12 үй су астында қалады. 121 адам эвакуацияланды, 36 адам үйге оралды.

БҚО-да су тасқыны басталғаннан бері 581 үй су астында қалды. Үйлерден су толығымен тартылды. 7 848 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 665 бала бар.

Ақтөбе облысында 551 тұрғын үй су астында қалып отыр, автожолдардың 7 учаскесінде су тасқыны жалғасуда. 10 039 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 050 бала бар.

Павлодар облысында 4 үй су астында қалды. Жолдың 1 учаскесінде судың толып кетуі жалғасуда.

Абай облысында 22 үй су астында қалды. Су тартылды.

ШҚО-да аумақтың көп бөлігі қар жамылған (63%). Су объектілерінде мұз жүре бастады. Өзендердегі су деңгейі шектік белгілерден төмен.

Серіктес жаңалықтары